ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА НАРОДУ КАЗАХСТАНА

Новости : Аудандық мәслихат депутаттары аудандық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

20.09.2021

Бүгін аудандық мәслихат депутаттары ағымдағы жылдың тамыз айында басталған аудандық ауруханада күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Депутаттар келген кезде жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама көптеген кемшіліктермен дайындалған және жетілдіруді қажет етеді.  Осыған байланысты жөндеу жұмыстары тоқтатылды. Бүгінгі күні бірінші қабатта ішінара бөлшектеу ғана жасалды. Осыған байланысты депутаттар ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде мердігерлік фирманың басшылығымен, авторлық қадағалау өкілімен және Көкшетау қаласының маман-құрылысшысымен кездесу туралы шешім қабылдады. 

телефон: 8 (716 46) 2-14-41, 8 (716 46) 2-19-99
e-mail: bulmaslihat@mail.ru