ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА НАРОДУ КАЗАХСТАНА

Новости : 1 сентября 2021год Послание народу Казахстана Главы государства Касым-Жомарт Токаева. Полностью поддерживаю Послание Президента Республики Казахстан К.Ж. Токаева. Секретарь Буландынского районного маслихата Ш.Кусаинов.

01.09.2021

1 сентября 2021год Послание народу Казахстана Главы государства Касым-Жомарт Токаева.Полностью поддерживаю Послание Президента Республики Казахстан К.Ж. Токаева.Секретарь Буландынского районного маслихата Ш.Кусаинов.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.Болашағымыз жарқан боларына кәміл сенемін Жолдауын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сөздерімен бастаған  Президент Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді. - Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік - біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз, Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз - біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір Ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз - жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы - әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі - елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда, - деді Президент. Мемлекет басшысы айтқандай Егемендігіміз - жалаң ұран, жалынды сөз болып қалмауы өте маңызды. Сондықтан да, Тәулсіз елдің еркін ойлы азаматтары болған біздер ел болағының жарқын болуы үшін талмай еңбек етуіміз керек. Сонда ғана келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын боларына кәміл сенемін. Бұланды аудандық мәслихат хатшысы Ш.Құсайынов. 

телефон: 8 (716 46) 2-14-41, 8 (716 46) 2-19-99
e-mail: bulmaslihat@mail.ru