ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА НАРОДУ КАЗАХСТАНА

Новости : 25 мамыр «Соңғы қоңырау» мерекесі

25.05.2021

Қымбатты түлектер!

Құрметті ата аналар, ұстаздар!

Баршаңызды бүгінгі «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз.                             

    Құрметті түлектер!

Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар. 

Сіздер еліміздің ертеңін құратын жалынды жастарысыздар. Алда тұрған мемлекеттік аттестациядан, ҰБТ сынағынан сәтті өтулеріңізге тілектеспін.Үлкен өмірге қанат қағып барасыңдар. 

Қанаттарыңыз талмасын, биіктерден көріне беріңіздер! Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітірулеріңізге тілектеспін. 

Таңдаған мамандықтарыңыздың мықты маманы, кәсіпқойы болыңыздар! Мектеп өмірі артта қалды, алдарыңызда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте берулеріңізді тілеймін!Баршаңызға сәт сапар, ақ жол тілеймін!


Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы          Ш. Құсайынов

 

телефон: 8 (716 46) 2-14-41, 8 (716 46) 2-19-99
e-mail: bulmaslihat@mail.ru