ПОСЛАНИЕ ПРЕЗИДЕНТА НАРОДУ КАЗАХСТАНА

VII шақырылым Бұланды аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

 

 

VII шақырылым Бұланды аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

 

2021 жылдың 10 қаңтарында бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын Бұланды аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 21267 азамат енгізіліп, оның ішінде 17111 адам немесе 80,46 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 16769 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 69 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 279 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 5 Саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

Қазақстан халық партиясы - 687 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 4,17 пайызы;

"Nur Otan" партиясы- 12609 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 76,50 пайызы;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1379 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,37  пайызы;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 1461 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,86 пайызы;

         "ADAL" саяси партиясы-346 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,10 пайызы.

 Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар белгіленді:

"Nur Otan" партиясы- 10 мандат;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1 мандат

 "Ақ жол" демократиялық партиясы- 1 мандат

 

 

Бұланды аудандық аймақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

телефон: 8 (716 46) 2-14-41, 8 (716 46) 2-19-99
e-mail: bulmaslihat@mail.ru